467 күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан сәбиге Нұр-Сұлтанда ота жасалады
476 күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан екі жасар баланы Нұр-Сұлтандағы нейрохирургия орталығына жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz.

Кәрім Тәңірбергеновты бүгін санавиация арқылы алып кеткен. Ұшу алдында баланы елордалық дәрігерлердің өзі тексеріп шықты. Нұр-Сұлтандағы Нейрохирургия ұлттық орталығында сәбиге ота жасалатын болады.
Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ардақ Күзековтың айтуынша, ота омыртқаның қызметін қалпына келтіру үшін қажет.
«Баланың омыртқасы сынғандықтан жұлыны тарылған. Содан сәби сал болып, кома алдындағы жағдайда жатыр. Ал, ота жұлынның тұтастығын қалпына келтіру үшін қажет. Бірақ, мұндай оталар Қазақстанда жасалмайтындықтан, Курган клиникасының дәрігерлері шақыртылды», - деді Күзеков.
Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда мануалды терапевтен ем алған сәбидің 476 күннен бері комада жатқаны туралы жазған болатынбыз.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады