Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“451 градус”: Алматыдағы ең ерекше орындар

Алматы еліміздің астанасы мәртебесінен айырылса да, мәдениет ошағы ретінде қала беретіні анық. Барлық маңызды мәдени іс-шаралар, кездесулер, тұсаукесерлер дәл осы Алматыда бірінші өтеді. Осындай мәдениетімізге, халықтың білімінің дамуына елеулі үлесіп қосып жүрген орындар жетерлік. Оңтүстік астанамаздағы ерекше мәдени ошақтардың бірі «451 По Фаренгейту» кітапхана-кафесінің негізін қалаушы Аманжол Әбиевпен тілдесіп, әңгіме-дүкен құрып қайтқан еттік.

– Аманжол мырза, осындай ерекше орынды ашу идеясы қалай келді сізге?

– Кітап дүкені, кафе, кітапхана, кездесулерге арналған мәдени орын бір жерде ұйымдастырып, осындай формат үйлесімді болуын қаладық. Бірінші рет Достық-Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан жерде ашылдық. Жөндеу жұмыстарын қатырып жасап, 19 тамызда ашылды. Жергілікті сайттардың бірі біздің ашылуымыз туралы жазып, күтпеген жерден тұсаукесерімізге 300-ге жуық адам жиналды. Елестетіңіздерші, біздің кафенің аумағы 45 шаршы метр ғана. Ауа-райы ыстық, желдеткіштер әрең істеп тұр. Тұншығып қала жаздадық. Бірақ көпшілікке біздің формат ұнады. Себебі кітап дүкендері бар, кафе бар, бірақ мұндай орындар болмаған. Қазір әрбір адамның назары үшін күресетін уақыт қой.

-Кітап дүкендерінде әдетте толыққанды демалып, кітапты беріліп оқи алмайсың, себебі, кітапты бүлдірем алам ба деген қорқыныш та болады ғой.

-Иә, мүмкін. Біз тұрғындарға ыңғайлы болатын орын ашқымыз келді. Біз деп тұрғаным, әу баста серіктесім Сәбит Бақытжан есімді жігіт болды. Ол қазір жеке бизнесіне кетті.

-Сіз нарықты зерттеп, осындай форматтағы орын қажет болады деген шешімге келдіңіз бе?

-Жоқ, ешқандай зерттеу болмады. Соңғы жылдары Қазақстанда кітап дүкендері көптеп жабылуда. Гүлянда, Академкнига. Бізде коммерциялық қызығушылық болған жоқ. Хобби деп атасақ та болады. Әйтпесе әлеуметтік жоба, біздің басты мақсатымыз, алматылықтар арасында кітапқа деген қызығушылықты ояту болды. Бірақ ашылғанымыз сол-ақ еді, қараша айында жалға беруші ғимарат кепілде тұрғанын және кез-келген уақытта сатылып кетуі мүмкін екенін айтты. Сөйтіп Жаңа жыл қарсаңында Панфилов көшесінің бойында жаңа орын тауып, асығыс-үсігіс көштіп кеттік. Негізгі қаражатымыз алдыңғы орынды жөндеуге жұмсалғасын, мұнда үлкен жөндеу жұмыстарын жасай алмадық.

-Кітапқа деген қызығушылығыңыз бала кезден оянған шығар.

-Иә, әрине балалық шақтан ғой. Бала кезімізде кітпаханаға баруымыз, кітап парақтарының керемет иісі, кітапхана атмосферасы, ауызбен айтып жеткізу емес. Қазр бәрі электрондық құралғыларды қалайтын болды ғой, дегенмен кітаптың орны бөлек. Менің негізгі мамандығым инженер, бұл қосымша ісім жан рахатын әкелетін хобби. Тіпті табыс та таппаймыз.

-Табыс әкелмей ма?

-Әзірге әкелмейді, тіпті кафе шығындарын өз қалтамыздан шығарамыз. Бұл орынға қатысы барлық адам өзінің энтузиазмының арқасында, бір үлес қосқысы келгені үшін еңбек етуде. Тіпті кіреберістегі стрит-арт. Барлығы. Суретшілер хабарласып, бір үлесімізді қосып, ізімізді қалдырығымыз келеді деп өздері келді. Бас-аяғы 10-15 шақты адам еңбек етеді, олар –копирайтер, дизайнер, смм-менеджерлер, үстел ойындарына жауап беретін адам. Азын-аулақ ашқа береміз қолдан келгенше, студенттер көп келіп көмектеседі.

-Кәдімгідей жап-жақсы ктіпханаңыз бар екен. Кітапты қалай жинадыңыз?

– Кейбірін сатып алдық, кейбірін қонақтарымыз әкелді. Менің және серіктесім Сәбиттің үйде жиналған барлық жеке кітаптарымыз осында, түрлі пабликтер арқылы іздедік. Кейбір кітаптар осында көшіп жатқан алматылықтар арқылы келді. Әлі күнге дейін әкеледі. Алдыңғы аптада, мәселен бір әйел 100-ден аса фэнтези жанрындағы кітаптарын сыйға тартты. Біз бастапқыда кітаптарды үйге береміз деп те жоспарладық, мәселен, кітап сатып алуға жағдайы жоқ, көшіп жүргенде ыңғайсыз кісілер, студенттер үшін. Бірақ ол кітаптарды ұқыптап ұстамай ма деген күдік бар.

-«451 по Фаренгейту» түрлі кездесулер шараларды ұйымдастырып отырады. Қандай қонақтар болды?

«Upgrade School» компаниясының бас директоры, біздің досымыз Абылай Юсупов, Yuframe-ның маркетологы Расул Абдуллаев, пиаршы Әлішер Елікбаев, танымал блогер Ержан Рашев, ақын Хәкім Бөлебеков, журналист, жазушы Алина Мұстафина, актер Ерден Елемісов, режиссер Абдель Фифтибаев. Әдебиет әлеміне жаңа-жаңа қадам басып келе жатқан, бірақ жастарына қарамастан қызықты әңгіме-өлең жазып жүрген жазушы-ақындар да болды. Біз сондай-ақ бірнеше мәрте «Книжный цех» атты байқау ұйымдастырамыз, соның жеңімпаздарына да осында кітабының тұсаукесерін өтикізуге мүмкіндік береміз. Бірақ бұл шараны ұйымдастыру да қиынға соғып барады, себебі үнемі жаңа авторларды табу оңай іс емес.

 

-Өміріңізде не өзгерді осы орын ашылғалы? Өкінбейсіз бе?

– Жоқ, әрине өкінбеймін. Кез-келген тәжірибе пайдасын әкелетіні сөзсіз. Бір қынжылтатыны, айтып өткендей алдында, біз коммерциялық жобадан көрі, әлеуметтік жобаға жақынбыз. Халықтың мәдени деңгейінің көтерілуіне септігімізді тигізіп келеміз, қала билігіне берер көмегі болмаса да, кедергі етпесе екен дейміз. Мәселен бізді табу шамалы қиындау болғандықтан, хабарландыру шығарып қойғанбыз сыртқа, сол үшін бізге 30 АЕК көлемінде айыппұл салды. Түсінідіріп жатырмыз, ақшамыз көп емес, осындай-осындай жұмыс істейміз, жарайды алып тастаймыз, бірақ айыппұл салмай-ақ қойыңызшы деп. Жоқ, хаттаманы толтырып қойды дейді. Арнайы лайтбокс дайындап қойғанбыз, панфилов көшесінің бойында бәрінің маңдайшасында ілініп тұр. Бірақ біз іле алмаймыз, себебі, Суретшілер одағының ғимаратына мараторий қойылған. Осындай жұмысымызды тежейтін шамалы бюрократиялық мәселелер бар. Бірақ бізді танып жатады, арнайы басқа қалалардан келеді, жуырда бұрын Алматыда тұрған, қазір Мәскеуде тұраты екі бойжеткен келді, көптен бері естідік сіздер туралы, арнайы келдік деп. Осы үшін жұмыс істеуден шаршамаймыз.

-Есіңізде қалған қандай қызық жәйттер бар осы дүкен-кафемен байланысты.

-Жуырда бір қызық жағдай болды. Жұмыста отырсам, бір қыз қоңырау шалып, Ержан Рашевтің кітабы сатыла ма деп сұрады. Иә, сатылады деп жұмыс уақытымыздан хабардар еттім. Жұмыстан кейін дүкенге барып, қызметкерлерден сұрамаймын ба бір қыз келем деп еді, Рашевтің кітабын сатып алуға келді ма деп. Сөйтсе, иә, келді, кітапты қолына алып бір шыңғырды, сыртқа шығып, айқалап, секірді деп. Кітаптың осыншама қуаныш сыйлайтынын білмеппін. Ержанның өзіне де бұл оқиға туралы айтқан едім. Түрлі қызықты жағдайлар жалпы жиі орын алады.

 

-Алдағы уақытқа жоспарларыңыз қандай?

Қазір ең бастысы, ұолдан келгенше өз күшімізбен жұмыс істеп, жаңа жобаларды жасап, инвесторларды тарту қажет. Мен күндердің күнінде бұл ісім де қаржылай кіріс әкелетініне сенімдімін.

Балалардың, өскелең ұрпақты кітапқа деген махаббатын қалай оятуға болады?

Балалар нені көріп өседі, соны істейді. Балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле деп бекер айтылмаған сөз ғой. Үйде ұрыс-керіс, конфликтті, диванда жатып, ұялы телефон шұқылаған әкесін көрсе, өзі де соны болашақта қайталайды. Балалар губка сияқты бәрін бойына сіңіріп өседі.

Қазір қандай кітап оқып жатсыз?

Мен бір уақытта әдетте үш кітап оқып жүремін, бірі жұмыста, үзіліс кезінде оқимын, бірі үйде, бірі рюкзагымда жүреді. Қазір Энтони Берджесстің “Заводной апельсин” кітабын бастадым.

 

 

Талқылау