Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жасар қызды әлемнің ең жас вундеркинді деп таныды

140 ұпайлы IQ көрсеткішін алған төрт жасар қызды Ұлыбританияның ең жас данышпаны деп таныды.

Англияның Айвер қаласынан келген Алана Джордж IQ «Менса» жоғары көрсеткішіндегі әлемдегі ақылды адамдар қатысатын ұйымның ең жас қатысушысы болды.

Ата-анасы Надин мен Эдмунд қызының ерте жасынан әріптер мен сандарға қызығушылық танытып, оқуды үйренгенін айтты.

«Ол соншалықты кішкентай, бірақ өз өмірін оқусыз елестете алмайды. Біз тіпті оның ақылды екенін білгенде қорқып кеттік. Әрине, ерекше, бала, бірақ оның әлеуеті қаншалықты кең екенін білмейміз», - дейді баланың анасы, 37 жастағы Надин.

Анасы қызының жеті айында алғашқы сөздерін айтқанын, баласы бір жылдан аз уақытта толыққанды сөйлеп үйренгенін айтады. Үш жасында қызы кітаптан үзінді оқи алатын болған. Анасы Алананың ақыл-ой дамуын тексеру үшін сарапшыларға жүгінген. Сынақ нәтижелері бойынша, ол жеті жасар баланың деңгейінде оқитыны, 6,5 жастағы бала сияқты сөйлейтіні анықталды.

Қазіргі уақытта Алана Ұлыбританиядағы корольдік отбасы мүшелері оқыған мектепке барады. Оны анасы мұқият бақылайды. Қызының етк оқуне емес, өзі қатарлары секілді ойнап, балалық шағын қызықты өткізгенін қалайды. 

«Менса» деңгейі бірдей жастағы ең ақылды адамдардың екі пайызын қамтиды. Орташа дейгейдегі ересек адамның IQ-ы 100 ұпайға тең. Физик Стивен Хокинг пен Альберт Эйнштейннің көрсеткіші сынақдан өтпесе де, шамамен 160 балл болады деп болжанған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау