4 қыз туғаны үшін күйеуі тастап кеткен келіншек балаларымен бір жыл бойы аш отырған (фото, видео)

Жұма, 19 Мамыр , 2017 13:26

Өзін Жанатаева Бағила деп таныстырған келіншек 1987 жылы туған. Ол 4 баламен жалғыз қалғанын айтып, елден көмек сұрайды,-деп жазды Stan.kz.

40ыз

Отыз жасқа енді толған келіншек күйеуінің отбасын тастап кету себебін былай түсіндірді.
«Күйеуім мені қыз туабергенім үшін тастап кетті. Оған ұл бала керек болды»,-деп қысқа қайырды Бағила.

«Күйеуіммен тұрғаныма он жыл болды. Сол уақыттың ішінде 5 мәрте құрсақ көтердім. Бір балам қайтыс болып кетті. Төртеуін жалғыз асырауға мәжбүрмін. Алла ризашылығы үшін көмек сұраймын. Кішкентайымды қаңтар айында дүниеге әкелдім.

Оның жөргек пұлы ретінде айына 22 мың теңге түседі. Ол ақшаның 12 мың теңгесін жалдап отырған пәтерге беремін. 2500 теңгесін жарыққа төлеймін. 1200 теңгеге газ аламын. Сол үшін көмек сұраймын. Балаларға азық-түлік ала алмай отырмын. Қыздарыма ешқашан киім сатып алып көрмеппіз»,-дейді Бағила өз сөзінде.

Төрт баланың анасы осындай ауыр жағдайда отырғанын алғаш болып Инстаграм желісіндегі белсенді Айдын Тоқсанбаева жариялаған еді. Блогердің бастамасынан кейін біраз халық Бағила мен оның қыздарына барынша көмек қолын созған. Әрине ол көмек уақытша. Бірі азық-түлік алып берсе, екіншілері құқықтық жағынан қолдау көрсетіпті. Тағы бір қолы ашық жан Бағилаға уақытша баспана ұсыныпты.

Айтакетерлігі Бағиланың күйеуі осы уақытқа дейін қыздарының жағдайын сұрамақ түгілі хабарласпаған. Жұрт шулағаннан кейін ғана, әкесі бір жыл бойы аш отарған балаларын іздеп келіпті.

Аналары жоқ кезде екі қызды алып кетіп қалған. Абырой болғанда Алматы полициясы алиментке шағым түсірілгеннен кейін өз қыздарын анасына айтпай, алып кеткен әкені тауып алды.

СҮЙІНШІ 🎉 СҮЙІНШІ 🎉 СҰЙІНШІ Естерінізде болса, 4 қызымен айына 5-6 мыңға күн көріп жүрген Бағилаш xанымның отбасы жайлы жазған едім… Пособиенің ақшасынан тамаққа 5000 мың теңге қалатын.. Қалай жеткізгенің елестете де алмаймын… АЛ, ЕНДІ ☝🏾 сіздердің арқаларынызда жиналған көптеген азық-түлік пен 100 мың ақшадан бөлек БАҒИЛАШ ХАНЫМ АЛИМЕНТ АЛА АЛАТЫН БОЛДЫ. Айгүл деген юрист қыздың арқасында осы мамыр айында 4 қызға 22500 тг алады екен. Одан бөлек 280 мың теңге алдыңғы төлемеген айлар үшін береді екен. МІНЕ ХАЛҚЫМ жұмыла көтерген жүк жеңіл деген осы!!! Бағилаш xаным барлықтарынызға АЛҒЫСЫН АЙТУДА! Осы күнге дейін шешілмей жүрген мәселе Айгүл занымның арқасында бірнеше күнде тез шешілді. ВИДЕОДАН КЕЙІН СУРЕТТЕР БАР!!! Алла тағалам қолдаған ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС әрқашан оңынан бодады ❤️ Жақсылықта кездесейік жақсылар!!!

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

Отбасының басындағы ауыр жағдайға елдің назарын аударған Айдын Тоқсанбаева бұдан былай мұндай отбасылардың мәселесіне араласуға жүрегі шыдамайтынын жазған.

БОЛДЫ❗️❗️❗️ Ешқандай отбасыға көмектеспеймін! Жүрек шыдамайды екен. Түстен кейін әкесі екі қызын анасы жоқ кезінде әкетіп қалыпты. Маған соны айтқаннан 1 сағаттың ішінде аЛматыда жүріп өліп қала жаздадым уайымнан. Рувд шақыртып, арыз жаздыртып әкесін қыздарымен тауып әкеле жатыр екен. Ары қарай не болатының білмеймін, бірақ енді арласпаймын! Құдай өзі кешірсін, жалғыз ғой, тіпті ақылдасатын ешкімі жоқ қой деп көмектескім ақ келді, бірақ ауыр, өте ауыр. 1 жыл бойы балаларын аштықта қалдырып, енді алиментке беріп, xалық шулағанда анасына айтпай балаларды алып кеткен әкесінен қорқамын. АЛЛА ОСЫ ОТБАСЫҒА ЖАР БОЛСЫН! Көмектесем деген жандар болса +7 702 182 2465 Бағилаш xанымның номері! Ал мен қолымнан келгенше атсалыстым!

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

« Мен қолымнан келгенін істедім. Енді араласпаймын. Кешіріңіздер. Жүрегім шыдамайды екен. Бір жыл бойы аш отырған балаларды аядым. Көмектескісі келетіндер болса Бағила ханымнға хабарласыңыздар, номері:+7 702 182 2465»,-деп жазды. Айдын Тоқсанбаева.

Оқи отырыңыз:

Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)

Қарақат: Өмірдегі ең бақытты сәтім – жарымның бақытты жүзін көру (видео)

Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды

Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көптеген әртістер ойланып қалды

Өлім аузынан қалған Баян Есентаева енді өмірін сақтандырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар