Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда 3D көзілдірік киген науқас миына ота жасалған кезде ояу жатты

Франция дәрігерлері бұрын-соңды болмаған операция түрін жасап шықты. Олар миынан қатерлі ісік анықталған науқас ер адамды операция кезінде ұйықтатқан жоқ.

bdd717caae2ecb6a6655eb62d2237e70_XL

Бұл туралы 24.kz хабарлайды

Ми бөлігіне пышақтың тигенін білдірмейтін дәрі егілген ол, тіпті 3D көзілдірік киіп, сол арқылы виртуалды шындықты шарлап, операция кезінде көз ілмей жатқан. Дәрігердің айтуынша, мұндай әдіс науқасты дұрыс емдеуге жол ашады екен.

Ер адам миындағы ісіктің асқынуына байланысты бір көзінен айырылған. Сол себепті енді оның жалғыз жанарына зиян келтірмес үшін медиктер барын салған. Нейрохирург Филипп Менайдың айтуынша, қатерлі ісікті алып тастау кезінде науқастың ояу жатуы оның сөйлеу, есту, көру қабілеттеріне хирургиялық жолмен емдеудің зиян келтірмеуін қадағалауға мүмкіндік берді.

Ал, 3 өлшемді көзілдірік арқылы адамның осы қабілеттерінің қаншалықты нашарлағанын немесе әлі де сол қалыпта екендігін анық байқауға болады.  Қаңтардың соңында пышаққа түскен науқастың хал-жағдайы қазір жақсы. Енді ол тиісті химиялық терапия емін алуға дайын.

Талқылау