"Шексіз бақыттымын": Димаштың альбомы небәрі 37 секунд ішінде платина атанды
Димаш Құдайбергеннің альбомы 3 мәрте платина альбом атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, тұңғыш альбомының жарыққа шыққанын жазған. Азғантай уақыттың ішінде тыңдармандары тундысын платина альбомға айналдырған.
Осылайша Димашты қолдаушылар альбомды жүктеп алып, өнер иесін үш дүркін платина альбом иесі атандырды.
"Бір сағат бұрын жеке альбомым жарыққа шықты. 37 секунд ішінде платина атанды. Ал бір сағаттың ішінде үш мәрте платина альбом атанды. Барлық жағынан қолдау көрсететін тыңдармандарыма алғыс айтқым келеді. Менің жетістікке жетуім сіздердің арқаларыңыз",- дейді өнер иесі.
Естеріңізге сала кетсек, жуырда Димаш Құдайберген танымалдылық туралы пікір білдіріп, алдымен, адам болу керектігін ескерткен болатын.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"