37 градус ыстық: Мамыр айында ауа райы қандай болады
Мамыр айы ыстық әрі жауын-шашынды болады. Көктемнің соңғы айына ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Казгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, мамыр айы ыстық болады. Тек айдың басында Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жайсыз болады деп күтілуде. Жаңбыр, қар, бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін.
Сонымен қатар еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жауын-шашын болып, бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжануда.
3 мамырдан кейін ауа райы жақсарып, солтүстік облыстарда ауа температурасы +20-28ºС, оңтүстікте +25- 33ºС жылылықты көрсетеді.
Сондай-ақ, айдың екінші және үшінші бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Бұл кездерде еліміздің кей өңірлерінде +30-37ºС ыстық болады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік