30 жастағы мұсылман азаматы екі жыл ішінде 26 мың әйелге көмек көрсеткен
Сауд Арабиясының Халид есімді азаматы әйелдерге көрсеткен көмегі үшін Шайо (Chaillot Prize) деп аталатын жүлдемен марапатталып отыр.

Отызға енді толған Халид осыдан екі жыл бұрын аудиторлық жұмысын тастап, осы салаға бет бұрған екен, деп хабарлайды muslim.kz.
Енді, міне, сол екі жыл Халидтің бастамасымен құрылған Glowork жұмысқа орналастыру ұйымы 26 000 әйелді қызметпен қамтамасыз етіп, қайырымдылықтың ошағына айналған. Бұған қоса, осы уақыт ішінде қаншама әйел орталықтан мамандық таңдау жөнінде тегін кеңес-нұсқаулықтар алып тұрған.
Әйелдерді жұмысқа орналастыру жобасын Халид ең алдымен өз компаниясынан бастаған көрінеді. Қазір оның қарамағындағы 68 қызметкердің 60-ы әйел адамдар.
Тағы да оқыңыз:
Жас трансгендер жыныссыз бала туды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін