Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жастағы қазақ қызы тікелей эфирде пластикалық ота жасатқан мүсінін көрсетті (видео)

30 жастағы қазақ қызы дене мүшесіне пластикалық ота жасатқан. Бұл жайлы бағдарламада елге ашық айтып берді.

Бұл туралы 7- арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды.

Бағдарламаға пластикалық операция жасатқан Гауһар есімді қонақ келді. Гаухардың жасы 30-да. Ота жасатуға өзінің күйеуімен бірге барған. Ал бағдарламада қонақ болған имам пластикалық ота жасатудың шариғатқа қарсы екенін айтты.

Имамның айтуынша, кемістік болғанда, қажет жағдайда, жарақат салдарынан кеміс болып қалғанда ота жасатуға болады.

Ота жасаушы маманның айтуынша, елімізде 15-17 жастағы қыздар көзіне көп қабақ салдырады. Әсіресе, сығыр көзді қыздар отаға көп жүгінеді.

“Қытайда көзге қабақ салу үшін, пышаққа салмай-ақ жіппен тігіп береді. Ол уақытша жасалады. Уақыты 4-5 жылға жетеді. Мен көбіне сол тәсілді қолданам”, – дейді маман.

Маманға ота жасату үшін жас қыздардан бөлек егде жастағы әйелдер де жиі бас сұғатын көрінеді. Мәселен, 70 жастағы әжей көзіне осылайша қабақ салдырған екен.

Бағдарламада Мәдина Сәдуақасова видеохабарлама арқылы тікелей эфирге шықты. Әнші өзіне ешқашан ота жасатпағанын айтты. Оны жасату қаншалықты қажет екені жөнінде мамандардан кеңес сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау