30 градустан жоғары: Атырауда аптап ыстықта шеруге шығуға мәжбүр болған оқушылардың жағдайы нашарлап кетті
Атырауда 20-дан аса оқушы балаларды қорғау күніне орай жасалған шеруде өзін нашар сезінді. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

фото: azh.kz
"Шеру кезінде күн ыстық болған соң 22 баланың жағдайы нашарлап кетті, басы сәл айналды. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ. Балалар үйіне кетті. Біз білім саласында жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің арасында жағдайдың анық-қанығын анықтап жатырмыз. Жауапты адамды тауып, тиесілі шараларды қолданамыз", — деп хабарлады әкімдікте.
"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, балаларға біреу таңғы жетіде облыстық тарих-өлкетану мұражайына жиналу керектігін айтқан. Шеру сол жерде басталып, орталық көпірмен алаңға дейін жүріп өткен. Шеру сағат 09:30-да басталған.
Қала тұрғындарына күннің қатты ыситыны хабарланған. Қазір Атырауда температура 36 градустан жоғары.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты