Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жыл бұрын жоғалып кеткен Қарағанды тұрғыны Алматыдан табылды

3 жыл бұрын жоғалып кеткен 44 жастағы қарағандылық тұрғын Алматы облысынан табылды, деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Полицияда мәлімдегендей, 2015 жылы ер адамның жоғалып кеткені туралы оның анасы хабарлаған. Содан бері ер адам мемлекеттің барлық түкпірінен іздестірілген.

Таяуда полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамды Еңбекшіқазақ ауданынан тапқан.

«Ер адам полиция бөлімшелеріндегі тұлғаны тануға арналған құрылғының көмегімен табылды. Ол жеке куәлігін қайта рәсімдемек болған», – дейді ведомстводағылар.

Тәртіп сақшылар анықтағандай, ер адам бірнеше жыл бұрын туыстарымен ұрысып қалып, үйінен кетіп қалған. Содан бері ол Алматы облысында тұрақтап, табыс тауып келген.

Оқи отырыңыз:

Министрлік өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Атышулы Байзақованы туған күнімен кұттықтамақ болған достары оны жылатып алды (видео)

ОҚО депутаты: 7 жасар баланың дауы – екі туыстың арасындағы мәселе

Талқылау