3 жасар қыз ата-анасы қайтыс болған соң екі айлық інісінің күтіміне өзі қараған
Американың Калифорния штатында 3 жасар қыз екі айлық баланы күтіп-баққан.

Лос-Анджелес полициясының мәліметінше, 18 сәуір күні 46 жастағы ер адам Дэвид Курос Парса 38 жастағы әйелі Михоко Койкені өлтіріп, кеін өзіне қол салды.
21 сәуірде бұл хабар полицияға түсті. Полицейлер оқиға орнынан адам денелерін тапты. Соынмен қатар екі бала тірі күйінде табылды. 3 жаар қыз бала осы уақытта кіші інісінің күтіміне қараған.
"Біздің кішкентай періштеміз аман қалып қана қоймай, інісіне қараған. Сәби - періште, ал қыз бала - нағыз батыр", - деді полицей Морин Райан.
Билік мәліметінше, екі баланың да денсаулығы жақсы. Олар қалалық отбасы және балалар ісі жөніндегі департамент бақылауында.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан