Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жасар баласынан айырылып қалған алматылық әйел дәрігерлерді дұрыс диагноз қоймады деп айыптауда

Алматыда жас ана ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен үш жасар перзенті үш күннен кейін көз жұмыпты. Денесі бөртіп, ыстығы көтерілген соң ақ қалаттылар “ветрянка”, яғни желшешек деген диагноз қойыпты. Қабырғалары сынған деп хирургке жіберіпті. Ал бүлдіршін дем жетіспей қайтыс болған.

3 жасар баласынан айырылып қалған алматылық әйел дәрігерлерді дұрыс диганоз қоймады деп айыптауда

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бірақ, медициналық сараптама жасатқан ана бұл диагноздардың бірі де құжатта көрсетілмегеніне аң-таң. Ал дәрігерлер қайғы жұтқан отбасына барып жан-жаққа арыз жазбауын өтініп, мәселені “басқаша” шешейік депті.

Бес жасар Давид туған бауырының келмеске кеткенін әлі білмейді де, түсінбейді. Жолын күтіп, ойыншықтарын құшақтап, киімдерін иіскеп жүр. Өйткені, шешесі тура екі ай бұрын желшешек ауруын жұқтарған ұлымен қалалық №1 балалар клиникасына түседі. Үсті-басы қызыл ала перзентінің ыстығы көтеріліп, түні бойы ұйықтамай шықты дейді. Оның үстіне қолтығының асты ісіп, жара пайда болғанын айтады.

«Бұл біздің науқас емес, хурургия бөліміне жіберуіміз керек. Мүмкін қабырғасы сынып, содан дем жетіспей жақан болар», – деді дәрігер. Ал, хирургия дәрігері келгенде, неге бала жан сақтау бөлмесінде жатқан жоқ деп таңғалды. Екіншісі келіп: «Бұл балада қызылша, басқаларға жұқтырады», – деп, қабылдамай қойды. Ал балам бір күн бойы әжетханаға барған жоқ», – дейді марқұмның анасы Наталья Ким.

Сан дәрігер сан түрлі диагноз айтқан соң, рентгенге де түсіріпті. Ақхалаттылар алтыншы және төртінші қабырғасы сынған баланы қозғама депті. Бірақ, күн сайын, демалуы нашарлап құлай берген. Ал, үш күннен соң яғни 19-тамыз күні сағат 11:20 да мүлдем тыныс алуы тоқтапты. Онда да мамандар жәй судорог деп жайбарақат болды дейді.

«Жұқпалы аурулар ауруханасынан төрт дәрігер келді үйге. «Біздің кінәміз жоқ екенін біліп тұрсыз ғой. Біз Сізге материалдық және моральдық көмек көрсетеміз. Бейсенбі күні келіп, дүйсенбіге дейін ойланыңыз», – деді. Ешқайда арыз жазбауымды сұрады. Бірақ мен бармадым», – дейді марқұмның анасы Наталья Ким.

Жерлеу рәсімінен соң Наталья Ким медициналық сараптама жасатқан. Онда үш жасар Давидтің қабырғасының сынғаны, пневмания, бронхит деген сан диогнозының бірі де анықталмағанын айтады. Жұқпалы желшешектің асқынуынан өлді делінген. Сондықтан, баласының орнына оның өлімі туралы куәлігін құшақтап қалған анасы дәрігерлердің үстінен арыз жазыпты.

Наталья Ким үш жасар ұлын қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының төсегінде айырылған. Сонда соңғы рет көрген. Содан бері мемлекеттік мекеменің есігін тоздырып жүрмін дейді. Бірақ бірде-бір жауапты ішке кіргізбейді екен.

Дәрігер комиссия шешімін күтуден басқа амал жоқ дейді. Ал оны естіген жас ананың одан бетер сенімі жоғалды.

«Олардың кінәсі бар. Бір тәулік ұстап, түрлі ауру жазып берді. Сондықтан сене алмаймын. Комиссияға да сенбеймін. Бәрі айналып келіп бір нәсреге тіреледі. Сатып алады. Бізде бәрі солай шешіледі», – дейді марқұмның анасы Наталья Ким.

Демек, бас дәрігердің айтуы бойынша, ертең не бірсүкүні комиссия мүшелері 12 адам болып келеді екен. Сонда ғана тексеріс басталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау