3-уі жарақат алып, біреуі көз жұмды: Астанада терезеден құлаған балалар тағы көбейді 

Тордан келген топалаң!  Астанада көпқабатты үйлердің терезелерінен кішкентай балалар бірінен кейін бірі құлап жатыр.  Соңғы 4 айдың  өзінде 3 бүлдіршін ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Төртіншісін аман алып қалу мүмкін болмапты.  Ал оның бəріне терезеге шыбын-шіркей мен масадан қорғайтын  кəдімгі тор кінəлі, деп хабарлады КТК.

3-уі жарақат алып, біреуі көз жұмды: Астанада терезеден құлаған балалар тағы көбейді 

Астанадағы №2 балалар ауруханасы тап сол терезеден құлаған екі бала емделіп жатыр. Тағы бірі бүгінде айығып, аяқтан тұрып кеткен. Терезеден құлады деген сөз дәрігерлерге де әбден таныс боп қалған. Өйткені, былтырдың өзінде 57 бала осындай жағдайға тап болыпты.

«Күн жылыған сайын ең бірінші қауіп терезелерден түсетін бала көп. Бірінші бала жетісі күні келіп түсті. Бас миының жабық жарақаты, бас миының соғылуымен. Самай сүйегінің ығысып сынулары. Балаға ота жасадық. Бүлдіршін үш-төрт күн бойы комада аппаратта қосулы болды. Қазір бала бөлімшеге ауыстырылып, ем алып жатыр»,-деді Астана қалалық №2 балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Қозыбағаров.

Екі жасар қыз баланың бұл жағдайға қалай тап болғанына анасы да таң. Небәрі екі минутқа жетер-жетпес уақыт көзден таса болғаны сол екен, қапелімде терезеден құлап кеткен.

«Үйде асханада тамақ істеп жатқан кезде балалар арғы бөлмеде ойнап жатқан. Үлкен қыз кішкентай қызға көмектесіп, терезенің алдына шығып кеткенін мен тіпті байқамадым. Солай бала құлап кеткен. Әрі қарай жедел жәрдем бәрі келіп, бір апта бойы жансақтау бөлімінде жаттық»,-дейді Астана қаласының тұрғыны Лаура Батыршаева.

Баланың жағдайы қазір қалыпты. Бірер күндікте жазылып шығайын деп отыр. Ал ата-аналарды осынша алаңдатып қойған кәдімгі терезеге ұстайтын тор екен. Терезеге телмірген кішкентайлар оны əйнектей берік деп қалады. Жұрт жапатармағай сатып алатын сол тор терезелер осындай шеберханаларда жасалады.

Бұл шеберханада есіктер мен терезелердің түр-түрі жасалады. Соның ішінде терезе торлары бар. Олардың материалдары торы мен қаңқасына дейін шетелдерден арнайы тапсырыспен алдырылады. Тапсырыс берушілердің талабына сай көлемдері де әр түрлі болады. Тек ең басты ескерту – бұл балаларға ешқандай қорғаныш емес, бұл – тек қана тор.

Шеберлердің айтуынша, күн жыли бастағаннан тапсырыс көбейеді. Әсіресе жазда маса мен шыбын-шіркейден қорғану үшін бәрі орнатуға мәжбүр.

«Балалардан абай болу керек. Олар бұны терезе деп ойлап, сүйенеді. Содан абайлап байқау керек»,-дейді цех басшысы Сәбит Айжанов.

Абай болу керектігін бұдан бұрын да айтқан. Яғни, құрылыс компаниясы үй тұрғызғанда міндетті түрде екінші қабаттан бастап терезелеріне темір тор қою керек деген бастаманы құрылыс мамандары көтерген екен. Бірақ, селт еткен біреу жоқ.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда келіншегін қасақана өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Қарақшылық шабуыл: Ақтөбе облысында қаскөйлер жүк тасып жүрген жүргізушіні өлтіріп кетті

Тау көшкіні: Көлсайға жақын тұратын жұрт үйлерін тастай қашып жатыр 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар