Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макгрегор айқастан кейінгі төбелеске қатысқаны үшін жазалануы мүмкін (видео)

UFC 229 аралас жекпе-жегінің турнирі аяқталғаннан кейінгі төбелеске қатысқаны үшін Хабиб Нұрмағамедов ғана емес, сонымен қатар оның қарсыласы Конор Макгрегор да жазалануы мүмкін. Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) өткен демалыста Лас-Вегастың T-Mobile Arena-да айқасқан екі жауынгерге де ресми шағым түсірмекші, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ESPN-ге сілтеп.

Макгрегор айқастан кейінгі төбелеске қатысқаны үшін жазалануы мүмкін

NSAC төрағасы Энтони Марнелдің айтуынша, комиссия қазір Нұрмағамедовтың Макгрегорды жеңгеннен кейінгі төбелесін толық зерттеуде. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың бейнежазбалары мен сұхбаттарын мұқият зерделеу қарастырылған.

Сондай-ақ, төбелестің басқа қатысушылары да жазалануы мүмкін. Атап айтқанда, қақтығыс басталғаннан кейін сегіз бұрышқа кіріп, Макгрегорға бірнеше соққы жасаған «қызыл футболкадағы адам» жазаға тартылуы әбден мүмкін.

«Тосқауылдан шығып кетіп, октагонға өткен көрерменге де айып тағылуы мүмкін. Оның кім екенін және қайда екенін анық білмейміз. Мен бас прокурорға бұзушылық туралы хабарлауға тиіспін. Бұл елеулі әрекет және осыған қатысты тергеу жүргізуге тиісті», – деді Марнел.

NSAC төрағасының айтуынша, тәртіптік тыңдау қараша айының соңынан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін ирландиялық жауынгер Конор Макгрегор мен сүйіктісінің жантебірентерлік оқиғасы туралы хабарлаған болатынбыз. Конорды қиындықтан шығарып, жауынгер жасаған бойжеткен жайлы осы жерден оқыңыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау