Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

249 отбасы баспаналы болды: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды

Қазақстанның Тұңғыш ррезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары басталды. Тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі жаңа заңды іске асырудың алғашқы күні елордада және еліміздің өңірлерінде 249 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

249 отбасы баспаналы болды: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды

Биыл 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Парламент тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру үкіметке әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көпбалалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді.

Президент Әкімшілігінің, Парламент пен үкіметтің үйлесімді атқарған жұмыстарының нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жүйелі шаралары қабылданды.

Биыл мамыр айында елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көпбалалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Бүгінде алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында берілген. Павлодар облысының көпбалалы отбасыларына — 76, Қарағанды облысында — 27, Ақтөбе облысында — 25, Алматы облысында — 20, Маңғыстау облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Шығыс Қазақстан облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 10, Ақмола облысында — 6 пәтер берілді.

15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы үкіметтің ерекше бақылауына алынған.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр