24 жасында екі баламен жесір қалған келіншек туған қайнысына қалай тұрмысқа шыққанын айтты
Мейрамгүл Сейдәзімова 24 жасында екі баламен жесір қалған. Күйеуі Қордай өңірінде жол апатынан қайтыс болған. Арада 1,5 жыл өткеннен кейін туған қайнысына тұрмысқа шыққан. Оны бұл қадамға енесі көндірген.
Бұл
Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“2014 жылы Алматыдан Шымкентке бара жатқан жолда апатқа түстік. Қордайда. Сол жерде күйеуім көлікте қайтыс болды. Біз сол жерде болдық. 1,5 жылдан кейін қайныма тұрмысқа шықтым”, – дейді Мейрамгүл Сейдәзімова.
Небәрі 24 жаста болған келіншек сол шақта екі баламен жесір қалған. Батырбек есімді қайнысын Мырза аға деп еркелеткен жеңгесі кейін оған тұрмысқа шығамын деп ойламаған. 30 жастағы қайын інісі ол уақытқа дейін отау құрып үлгермепті. Ал бұл іске Мейрамгүлді енесі итермелеген.
“Үлкендер айтты, осындай салт бар. Оған келіспесең, балаларың өскен соң, өзің қиналасың. Балаларың әкесіз қалмайды, деді”, – деп еске алады Мейрамгүл.
Жолдасы көз жұмғанда ұлдардың бірі 2,5 жаста, ал кішісі 5 айлық болған. Бүгінде есейіп қалған балалар ағаларын өз әкелеріндей көреді екен.
Бәрі Алланың қолында. Келінім біраз тулап тулап басылды.
Ал енесі Аманкүл Құрманәлиева Мейрамгүлді қалай көндіргенін айтып берді.
“Мен жайлап түсіндіріп айттым. Ол асаулана берді. Одан кейін қатты-қатты айттым. – Мен оны сүймеймін, – деген сөз де айтылды. Сүймесең жүр деп моланың қасына апардым. Міне, сүйгенің жатыр. Біреуді сүйіп, байға тием десең жолың ашық. 24 жасында қалды. Мұндай қыздар әлі байға шыққан жоқ. Жесір қып үйде ұстай алмаймын дедім. Қайтып маған сәлем салып, келін болғанын қалаймын дедім. Келін жөнімен болу керек”, – дейді кейуана.
Үлкен ұлынан айырылған зейнеткер көп ұзамастан Мейрамгүлдің ата-анасының алдына барған. Олардың қызын қайта келін еткісі келетінін ашық айтқан.
“Баламның 40 күндігі өткеннен кейін, үшінші айда құда-құдағиымның алдына бардым. Оны ешкім, тіпті Мейрамгүл де білмейді. – Сендердің қыздарыңды қайта келін қылғым келеді, – дедім. Құда сәл қысылып қалды, құдағиым “дұрыс қыласың” деді. Құдам сәл тартынып қалды. Ал құдағиым “жарайсың” деді. Ақыры өзіне де келіп айтты. – Екі баланы таста да кел, ертең-ақ сені байға беріп жіберемін, – деді”, – дейді Аманкүл Құрманәлиева.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.