23 жастағы өзбек боксшысы алқаш адамша өзіне доқ көрсеткен африкалықты жазалады (видео)
Кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп үлгерген өзбек боксшысы Құдратилло Әбдукахоров зимбабвелік Чарльз Маньючиге (20-3-1, 12 КО) қарсы кездесу өткізіп жеңіске жетті.

Фото: Gazeta.uz
Африкалық боксшы ә дегеннен қарсы ұмтылған. Алайда оның қимылы сау емес, алкогольді мас күйдегі адамның әрекетіне көбірек ұқсап кетіп жатты. Ол өзін осылай ұстау арқылы, қарсыласына доқ көрсеткісі келген сияқты. Бірақ, өзбек спортшысы өзін салмақты ұстап, сауатты тактика қолдануға тырысты.
Ақыры, соққыларын үдеткен Құдратилло Әбдукахоров көп ұзамай, африкалықты ногдаунға түсірді. Аяғын тәлтіректеп әрең басып тұрғанына қарамастан, төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат еткен. Бірақ, бірден шабуылға көшкен өзбекстандық боксшы Чарльзды жалпағынан құлатты.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"