Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы ару өзімен кездескісі келетін жігітке 28 миллион теңге бермек

Ұлыбритания тұрғыны Джейн Парк 17 жасында лотереядан миллион фунт стерлинг ұтып алған. Алайда ай оңынан туып, қыруар ақша ұтып алған бойжеткеннің махаббатта жолы болмапты. Сондықтан ол өз теңін табу үшін арнайы сайт ашып, жеңімпаз жігітке 60 мың фунт (28 млн 800 мың теңгеден аса) бергуе уәде етті.

23 жастағы ару өзімен кездескісі келетін жігітке 28 миллион теңге бермек

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен лотереяда ұтысқа ие болып, байып кеткеннен кейін айналасындағы адамдардың өзіне деген қарым-қатынасынан сезіктене бастапты. Ол 2016 жылы Сэм Каллахан есімді жігітпен көңіл жарастырған. Алайда сүйіктісі опасыздық жасап, артынша екеуі қош айтысады. Мұнан кейін Джейн Джордан Пиггот есімді жігітпен кездесе бастайды. Өкінішке орай, оның бұл қарым-қатынасы да сәтсіз болып, сүйіктісі жүрегін жаралаған.

23 жастағы ару өзімен кездескісі келетін жігітке 28 миллион теңге бермек

Осындай жағдайлардан кейін 23 жастағы Джейн өмірлік жарын ерекше әдіс арқылы табуды ұйғарады. Ендігі ол арнайы сайт ашып алып, сол жерде жігіттермен танысады. Онымен көңіл жарастырғысы келген жігіт бойжеткенге ұсыныс жібереді. Артынша Джейн өзімен кездескісі келетін жігіттердің ішінен біреуін таңдамақ. Тіпті, жеңімпазға 60 мың фунт (28 млн 800 мың теңгеден аса) көлемінде бір жылдық «жәрдемақы» беруге уәде етіп отыр. Оның болашақ күйеу жігітіне қоятын жалғыз шарты – адалдық.

Джейн күйеу жігіт іздеу процесін видеоға түсіріп отырмақ. Мұнан кейін барлық видеоны жинақтап, деректі фильм дайындап шығаруды жоспарлап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау