Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 жастағы қазақ жігітінің есімі жазылған чип Марс планетасын айналып өтпек (фото)

22 жастағы Павлодар қаласы тұрғыны Дамир Бекбаевтың аты-жөні жазылған кремний чипі НАСА халықаралық ұйымының зерттеу миссиясымен бірге Марсты айналып өтпек.

 

Жеті жыл бойы ұйымның еріктісі болып келген павлодарлық оқушы сүйінші хабарды жуырда алды. Айта кетерлігі, осындай өтінішті кез келген адам ресми сайтқа хат жазып, өтініш білдіре алады. НАСА халықаралық ұйымының зерттеу миссиясы 2018 жылы жүзеге асырылатыны белгілі. InSight атты кеме мамыр айында жолға шығып, қызыл планетаның ішкі құрылысы мен құрылымын зерттеуі тиіс. Ал чипке жазылған адамдардың есімі Марсты айналып ұшып өтпек, деп хабарлайды Baq.kz.

Дамирдың анасы Жанна Бекбаеваның айтуынша, Дамир астрономияға бала кезінен қызығып өскен. Ғарыш әлеміне арналған кітаптар мен ғылыми еңбектерді сүйіп оқиды.

«Дамир ғарышкер болуды армандайды. Бірақ, осы мамандық иесі болуға денсаулығы мүмкіндік бермейді. Бірақ, балам мойымайды. Бүгінде осы тақырыпқа арналған жобаларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, әуемодельдеу мен ракета құрумен айналысады. Халықаралық форумдарға қатысып, білімін молайтып келеді», – дейді Жанна Бекбаева.

Дамир биыл Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары оқу орнының қабырғасында гидрогенератордың моделін ойлап тапқан.

«15 жасымнан бері НАСА-ның ғарышты зерттеу бағдарламаларының белсенді қатысушысымын. Бүгінгі күнге дейін Cassini и HAARPS телескоптары арқылы түсірілген бес мыңнан астам суретті зерттеп, өңдедім. Бұл жұмыс арнайы бағдарлама аясында жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаға 800 мыңнан астам азамат қатысып, астрономиямен белсенді айналысуда», – дейді Дамир Бекбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Дамирдің қатарласы Назифа Бақтыбаева VIII ғарыштық зерттеулер бойынша Байқоңырда өткен Халықаралық жарыста жеңіске жеткен болатын. Жас конструктор Венераны зерттеуге арналған ғылыми кешеннің макетін ұсынған. Бұл жеңістен соң дарынды бойжеткен НАСА-ның штаб-пәтеріне шақырту алды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде жас бала 11 жасынан бастап жыныстық қатынаста болған

Шымкентте қоқыс полигонынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Шымкентте ер адам көршісінің ұлын зорламақ болды

Жол апатынан соң миына қан құйылып, құр сүлдесі қалған жігіттің анасы халықтан көмек сұрайды

Талқылау