21 жастағы КВН-ші қайтыс болды
21 жастағы Сергей Баленконың қайтыс болғаны туралы желіде хабарланды.

Құрметті достар, командамызда қайғылы жағдай болды. 19 қаңтар күні бауырымыз және досымыз Сергей Баленкодан айырылып қалдық. Ол өмірден ерте кетсе де, көп жақсылық жасап үлгерді. Ойымыз сан жаққа кетіп, сенгіміз келмей отыр. Осы қазаға бей-жай қарамайтын таныстарымыз бен достарымызды оның ата-анасына көмектесуге шақырамыз», – деп хабарланды команданың «Вконтакте» парақшасында.
Баленко 5 қаңтар күні 21 жасқа толды. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Достар, сіздердің жазып жатқан хаттарыңыздың саны көп. Біз сіздің «Не болып қалды?» деген сұрағыңызға жауап бере алмаймыз. Өйткені әлі өзіміз де 100% не болғанын білмейміз», – делінген хабарламада.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"