2019 жылы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Көпбалалы отбасыларға қандай көмек тиесілі

Төрт бала өсіріп отырған отбасы ендігі көпбалалы отбасы саналмайтыны рас па? Ендігі төртінші бала дүниеге келгенде арнайы жәрдемақы берілмейтіні рас па? Көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетіледі?

2019 жылы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Көпбалалы отбасыларға қандай көмек тиесілі

Бірнеше қазақстандық отбасы Stan.kz редакциясына осындай сауалдар жолдады. Осыған байланысты төрт немесе одан да көп баласы бар отбасыларға қандай жәрдемақылар тиесілі екенін анықтап көрдік.

Отбасында төртінші бала дүниеге келген кезде 159 075 теңге (63,0 АЕК) көлемінде бір реттік жәрдемақы тағайындалады.

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы 22 473 теңгені құрайды. Бұл сома төртінші (немесе одан көп) бала үшін бір жасқа дейін төленеді. Яғни отбасыға бір жыл ішінде 269 676 теңге төленеді. Алайда егер анасы декреттік демалысқа шыққанша жұмыс істесе, бұл сома көбірек болады.

Алтыншы немесе одан көп бала дүниеге келгенде, анасы марапат  (“Күміс алқа”, “Алтын Алқа”) және 16 160 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұндан былай көпбалалылар үшін арнайы мемлекеттік сыйақы тағайындалмайды. Ол бүгінде 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін көпбалалы отбасы статусын алып, төлемді рәсімдеп үлгерген ата-аналарға ғана төленеді. Бұл жәрдемақының көлемі – айына 10 504 теңге. Төлем отбасының кенже баласы кәмелет жасқа толғанша жалғасады.

2018 жылдан бері көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен үміттене алады. Ол жинақтық табысы отбасының әр мүшесі үшін кедейшілік деңгейінен төмен болатын, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50пайызды  (ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге) құрайтын отбасыларға беріледі.

Бір отбасында 6  адам бар делік: анасы, әкесі және төрт баласы. Олардың жинақтық табысы 60 мың теңгені (оған отбасындағылар алатын барлық жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, жалақы кіреді) құрайды. Бұл сомаеы отбасы мүшелерінің санына бөледі (аталған жағдайда алтыға). Осыдан біздің мысалымыздағы отбасының бір мүшесінің табысы 10 теңге болып шығады. Биылғы жылы кедейшілік деңгейі шамамен  – 14 мың теңге. Яғни мемлекет бұл азаматтарға жетпей тұрған 4 мың теңгені әлеуметтік көмек түрінде отбасының әр мүшесіне төлейді. Нәтижесінде олар ай сайын шамамен 24 мың теңге алады. Алайда егер 6 адамнан тұратын отбасының табысы 84 мың теңгеден асса, атаулы әлеуметтік көмек берілмейді. Атаулы әлеуметтік көмектің максималды сомасы – бір адамға 15 498 теңге.

Айта кету керек, көпбалалы отбасылар жергілікті атқарушы органдардан көмек алады. Оларға коммуналдық және тұрғын үйге кететін шығындар үшін орта есеппен 4 мың теңге (бірақ ай сайынғы отбасылық табыстың 8% -ынан аспайды) бөлінеді. Және көпбалалы аналар 8 наурыз мейрамына сыйлық ретінде 6,313 (2,5 АЕК) алады.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар тұрғын үйге кезекте тұруға, әкімдіктерден тегін білім алу үшін гранттар алуға, қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар