Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдан бастап кеден бекеттерінен алып өтуге болатын қол жүгінің салмағы екі есеге қысқарады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеденнен алып өтуге болатын қол жүгінің салмағы 50 келіден 25 келіге дейін қысқартылады. Еуразиялық экономикалық комиссиясы осындай шешім шығарды.

2019 жылдан бастап Қазақстанда кеден бекеттерінен өтетін қол жүгінің салмағы екі есеге қысқарады

Бұл туралы «Алматы» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Алып өту кезінде адамдар неше түрлі алдауларға барады. Мысалы, сыртын көрпе-жастықпен орап алады. Ішінде неше түрлі нәрсе тығылып жатады. Мысалы, қазір алып өтетін тауардың салмағы 50 келі, кедендік құны 1,5 еуро болатын болса, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып өтетін тауар салмағы 25 келі, кедендік құнын 500 долларға азайғалы отыр», – дейді «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.

Ал өзімен алып өтетін қол жүгінің мөлшері қалыпты көрсеткіштен асып кетсе, жүктің әр келісі үшін 4 еуроға (1600 теңгеден аса) жуық ақша төленеді. Бекеттегі бақылаушылардың сөзінше, ендігі тауарды кеденнен тегін алып өту салмағы төмендейтіні себепті,  кедендік  кіріс  көлемі көбеюі мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау