Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылы ораза қашан басталады? ҚМДБ мәлімдеме жасады

Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы 6 мамырда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылы ораза қашан басталады? ҚМДБ мәлімдеме жасады

"Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін", - делінеді ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ мемлекеттегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратқан. Осылайша, шариғи үкім мен ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін ескеріп, үкім шығарған.

"ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды", - дейді ҚМДБ-дағылар. 


2019 жылғы Ораза айының кестесі


Биылғы жылғы Рамазан айы 30 күнге созылады. Ал қасиетті Қадыр түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келеді. 5 маусымда Ораза айт басталады. 

Талқылау