2018 жылы теңге бағамы қандай болмақ?
Бүгін қор биржасы биылғы жұмысын аяқтайды. Валютаның бүгінгі курсы 1 долларға шаққанда 331 теңгені құрап отыр. Бірақ қазір көпшілікті мазалап отырған сұрақ басқа: Келер жылы теңге бағамы қандай болмақ?
Бұл туралы 31 арнаға сілтеп Stan.kz хабарлайды.
2017 жыл теңгеміз үшін оңайға соқпады. Еркін айналымда болған ұлттық валюта қайта-қайта құлдырады. 1 долларға шаққандағы бағамы 310 мен 345 теңге арасында болды. 12 айды артта қалдырған соң, валютамыз жыл басындағы қалыпқа қайта түсті.
2017 жылдың басында бір “жасыл қағаз” 333 теңге тұрса, бүгінде оның бағасы небәрі 2 теңгеге кем. Мамандардың айтуынша, ит жылында теңге тұрақталып, қымбаттай түспек.
“Шамамен 340-285 теңге аралығында, нарықтағы шикізаттың бағасына қарай болады. Ал Ресей валюта нарығында айтарлықтай құбылады деп ойламаймын. Келер жылы Қазақстанның теңгесі Ресейдің рублімен салыстырғанда әлдеқайда тұрақталады. Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы шамамен 5 болуы мүмкін”, – дейді “Фридом Финанс” бас директоры Тимур Турлов.
Ал бүгінде шикізат нарығының халі жақсы. Әсіресе, мұнай бағасы көтерілді. “Бренттің” бағасы бір баррельге – 66 доллар. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та шикі мұнайдың запасы кемігендіктен, “қара алтынның” бағасы қымбаттауда. Бірақ келесі жылы жағдай өзгеруі мүмкін, дейді мамандар.
“Әртүрлі жағдай болады. Бірақ шамамен келесі жылы бір баррельдің бағасы 50-55 долларды құрауы мүмкін”, – дейді маман Сергей Смирнов.
Әрине, мұның барлығы болжам ғана. Оның қаншалықты орындалатынын уақыт көрсетер. Сондықтан ұтылмас үшін, ақшаны әр валютада сақтаған жөн. Себебі біреуі құлдыраған жағдайда екіншісі оның шығынын толтырады.
Жіберіп алмаңыз:
«Қазком» банк менеджері клиенттердің ақшасын ұрлап, шетелде оқитын бауырына жіберіп отырған
Лондон соты зейнетақы қорына қарыз Мақсат Әріптің элиталы үйін тәркіледі
Ұлттық банк төрағасы шетелде бұғатталған 22 млрд долларға қатысты түсініктеме берді
Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді