2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Биылғы жылы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі электронды нұсқада жарияланды. Мемлекеттік грантты иеленіп, ЖОО-на түскендердің толық тізімін осы жерден көре аласыздар.
Сондай-ақ, тізімді egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттары немесе @testcenterBot телеграм боты арқылы көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант және PhD докторларын даярлау үшін 2 240 грант бөлінді.
Айта кетейік, биыл мемлекет есебінен техникалық мамандықтарға көп грант бөлінген. Сондай-ақ, білім беру гранттарының саны бойынша денсаулық сақтау саласына (2500), жаратылыстану ғылымдарына (3,161), ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылығы ғылымдарына(2 мыңға жуық), әлеуметтік ғылымдарға(1,495) , «Гуманитарлық ғылымдарға» (1 355) орын бөлініп отыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін