Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2017 жылы жанармай бағасы қымбаттайды деп болжамдануда

Келесі жылы елімізде бензин де, дизельді отын да қымбаттай береді.

benzin-2017

Бұл туралы Астана арнасының “Біздің уақыт” қорытынды апталық-сараптамалық бағдарламасында айтылды.

Бір жылдың ішінде өтімді АИ-92 бензині айтарлықтай өсті. Ресми деректерге қарағанда өндірушілердің бағасы 13,7 пайызға көтерілген. Қазір бұл отынның бағасы 133 пен 140 теңге аралығында. Сарапшылар жаңа жылдан кейін бензиннің де, дизельді отынның да бағасы өсе беретінін айтады. Ең басты себеп – ішкі нарықты керек жанар-жағар майдың 30-35 пайызын таситын Ресейдегі баға бізден жоғары – бензин 36,5 пайызға, дизельді отын 73,7 пайызға. Бұл өте көп, әрі Еуразиялық экономикалық одақ аясында шекаралардың ашықтығы айырмашылықты «ұстап тұруға» мүмкіндік бермейді.

«Сұранысқа ие АИ-92 жанармайының 1 литрі 150 теңге болады деген болжам бар», – дейді мұнай мен газ саласы бойынша сарапшы Камилла Манакова.

Мемлекеттік тараптан бақылау алынып тасталған соң бағаның өсуіне қарасаңыз, бәрі түсінікті. Ал тапшылықты жою үшін мұнай өңдейтін қосымша зауыт салу мәселесіне келетін болсақ, алдымен оған үздіксіз шикізат жеткізіп тұру керек. Компанияларға баға жағынан зауытқа сату тиімсіз болса, оны қайдан аламыз? Екіншіден, кәсіпорын ө зшығынын жаба алатындай болуы керек. Ол үшін жанармайдың бағасы көтерілуі тиіс. Сондықтан шикізатты өңдеуге жеткізу қаржылық тұрғыдан тиімді болмай, қосымша зауыт салу туралы сөз қозғау орынсыз.

Экономист Сергей Смирнов: «Біздегі бензин бағасы мұнай бағасына тәуелді емес, Ресейдегі баға құрылымы да басқа»,- деп, ішкі нарықты жанар-жағар маймен қамтамасыз етуді түпкілікті шешу үшін биліктің түк істемей отырғанына нұсқаған. Сарапшы бұл нарықта «мынау былай», «ал мынау былай» деп жіліктеп түсіндіріп бере алмайтын «атмосфера» қалыптасқанын айтқан…

«Менің ойымша, билік кінәлі. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау эпопеясына келсек, біздің билік оған мүдделі емес екенін көрсетіп отыр. Себебі ол зауыттарды жаңалау жоспары 2009 жылы мамыр айында қабылданған етін. 2015 жылы аяқталуы тиіс болатын. Не болғанын көріп отырмыз, ол жоспарды 2018 жылдың басына жылжытып қойды. Ресей 2011 жылы кіріскен, кідірістер болды, алайды биыл бітірді. Зауыттары Еуро 5 бензинін шығара бастады. Ал бізде негізінен еуро 2, әрі кетсе, еуро 3 шығарылады. Тоқсаныншы жылдары біздің 3 зауыт 18 млн тонна шикізат өңдейтін, былтыр 14,5 млн тонна ғана өңдеген. 1991 жылдан да аз өңдейміз. Себебі зауыттардың қуаты әлсіреген», – дейді Сергей Смирнов (3.12.16 ж.).

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Еліміздің бірқатар клиникалары еврей компанияларының басқаруына берілмек

Жанармай бекеттерінде қазақстандық Еуро-5 бензині пайда болды

Мұнай қазақстандық валютаны жоғары қарай өрлетті

Талқылау