2017 жылы доллар мен еуро бағамы қандай болмақ

Бейсенбі, 22 Желтоқсан , 2016 21:39

Еуропа одағының ортақ валютасы күн санап құлдырауда. Бүгін ол елімізде 347 теңгеден сатылып жатыр. Яғни, валюта бір аптада 5, ал бір айдың ішінде 10 теңгеге құнын жоғалтқан. Тіпті, сарапшылар бұл еуроның әлсіреуінің шегі емес дейді. Жақын арада оның құны доллармен теңесіп, келер жылы тіпті АҚШ валютасынан да арзандай түсуі мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

3fa46c3f878fd3548286bde4ad733075

«2017 жылдың қаңтар айында еуро доллардан да арзан болады. Және ол жыл бойы одан әрі құлдырай түседі. Еуропа валютасының бағамы 95центке дейін түседі деп болжап отырмыз», – дейді Альпаридің аға сарапшысы Вадим Иосуб.

Еуро мен доллардың ара қатынасы тікелей мұнай бағасына тәуелді. Ал, қара алтын бағасы қазір тұрақсыз. Оған деген сұраныс та едәуір азайған. Таяу Шығыстағы жағдай мен миграция да кері әсер етті дейді мамандар.

«Дағдарысқа байланысты, экономикалық тұрақты өсуі әлі болмай атыр. Еуропада да, Америкада да. Сосын өсуінің өзі төмен ғой.1-2 пайыз деген сықылды. Америка , Еуроодақт  енді осылар шешуші елдер ғой.Бұлардың да әлі тұрақты экономикасы өсіп жатқан жоқ», – дейді экономист Әнуар Шелекбаев.

Еуроның құлдырауы Қазақстан экономикасына сөзсіз кері әсер етеді дейді сарапшылар. Бұл жағдай елімізде тағы да қымбатшылыққа әкеледі. Дегенмен, Еуроодақ валюта бағамын әдейі түсірген деген де болжам бар.

«Еуроодақ сыртқа көбірек шығарғысы келсе экспортқа, тиімді болу үшін өздерінің валютасын еуроны төмендетеді, құлдыратады. Доллармен салыстырған уақытта», – дейді экономист Әнуар Шелекбаев.

Қазірдің өзінде еуро Ресей рубліне шаққанда АҚШ валютасына теңесіп қалған. Яғни, 1еуро 64 рубльге, ал доллар 61 рубльге пара-пар. Енді, қара алтын құны тұрақтанбай, әлемдік экономикадағы жағдай да қалыпқа келмейді дейді сарапшылар. Ал, АҚШ өзіндегі мұнайды өндіре бастаса жағдай тіптен ушықпақ. Мамандардың айтуынша, экономикадағы жағдайдың қалыпқа келуіне кемі 10 жыл қажет.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар