2016 жылдың ең сексуалды ер азаматы кім екені анықталды

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 22:40

Голливуд актері Дуэйн Джонсон ең сексуалды еркек ретінде мойындалды. Актер People журналының Sexiest Men Alive 2016 рейтингінде көш бастап тұр.

therock2

«Мен: «Бұл тамаша!», – дедім. Тағы да: «Керемет, біз биіктерді бағындырдық», – деп ойладым», – деген 44 жастағы Джонсон аталған атақты иеленуіне байланысты көңіл-күйін білдірді.

People журналына берген сұхбатында Дуэйн сексуалдылығының құпиясын ашты. Ол сексуалдылықтың құпиясы сексуалды көрінуге тырыспау екендігін зор сеніммен айтты. Сонымен қатар тері күтіміне аса мән беретінін мойындады.

«Бізге тек бір бет-әлпет қана беріледі. Сондықтан мен пилинг жасаймын», – дейді актер.

«Жартас» лақап атымен белгілі Джонсон «Амазонка қазынасы», «Тіс перизаты», «Екінші мүмкіндік» фильмдерінде сомдаған рөлі арқылы танымалдыққа қол жеткізді. Оған қоса «Форсаж» франшизасында бой көрсеткен.

Актер отбасын құрмаған, бірақ Лорен Хэшиан есімді сүйіктісі бар.  Жұлдыз сүйіктісімен бірге 9 жыл бойы бірге тұрып келеді. 2015 жылы бақытты жұптың қызы Жасмин дүниеге келді. Джонсонның бұрынғы ғашығы Дэни Гарсиядан 15 жастағы қызы бар.

2015 жылы People журналының нұсқасы бойынша ең сексаулды еркек футболшы Дэвид Бекхэм аталса, 2014 жылы актер Крис Хемсворт болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар