200-ден аса баланы зорлады деп айыпталған азамат педофилдерге арналған ереже кітап жазған

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 19:25

Ұлыбританияда фотограф-фрилансер болып жұмыс істеген азаматтың үстінен қозғалған іс бойынша сотта тараптарды тыңдау жүріп жатыр. 30 жастағы Ричард Хакл (Richard Huckle) өзіне тағылған 71 айыптауды мойындаған. Олардың 22-сіне өмір бойына түрме жазасы белгіленген. The Independent басылымы бұл азаматтан 200-ден аса бала зардап шеккен болуы мүмкін деп жазады.

34D2916E00000578-3621602-image-m-9_1464885883489

Азамат 2014 жылдың желтоқсан айында Лондондағы Гатвик әуежайында арнайы қылмыспен күрес қызметкерлерінің көмегімен ұсталған.

Ол өзінің арам ойын 2006-2014 жылдар аралығында Малайзияда балаларға тегін ағылшын тілінен сабақ беретін діндар мұғалім ретінде жұмыс істеп жүріп жүзеге асырған. Суретшінің құрбандары негізінен христиан дінін ұстанған, кедей отбасынан шыққан 6 мен 12 жас аралығындағы балалар болған.

Соттың тек айыптауды оқуының өзіне бір сағаттан артық уақыт кеткен. Оған тағылған айыпта: балаларды зорлаған, сексуалдық шабуылдау жасаған, балаларды еркінен тыс ұятсыз қылықтармен суретке түсірген, бүлдіршіндерді ұятсыз әрекеттерді жасауға мәжбүрлеген.

Күдіктінің компьютерінен 20 мыңнан астам сурет табылған. Онда ол өз құрбандарына жасаған ісін суретке түсіріп жинаған. Бұдан басқа Хакланың компьютерінен «Педофилия және кедейлік: балаларға ғашықтар басшылығы» (Paedophiles And Poverty: Child Lover Guide), деген атпен өз құрбандарындары жайлы анықтамалық жазған.

Қылмыскер өз құжаттарының арасына кәмелет жасқа толмағандарды зорлау әрекеттерін тізбектеп жазып шыққан.
Бірінші бөлімде ол, өз құрбаныңды қалай таңдау керек?, ойыңды жүзеге асырғаннан кейін ұсталып қалмаудың жолдары қандай? деген сұрақтарға жауап жазған. he Guardian басылымының жазуынша қылмыскер алдағы уақытта педофилдерге арналған энциклопедия жазуды жоспарлаған екен.

Бұл іс бойынша сот үкімі 3 маусым күні оқылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар