Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына үстемақы қосылады

20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына 1 шілдеден бастап үстемақы қосылмақ. Қосымша қаржылай көмектің мөлшері ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 пайызы.

20170124130722

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Қазіргі таңда оның жалпы құны 25 мыңды құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова мәлімдеді. Оның айтуынша 20017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерлері кезең-кезеңмен артуда. Мысалға бекітілген орташа зейнетақы жыл басынан 9 пайызға көбейген. Шілдеге дейін тағы да 11 пайызға артылатын болады.  Сөйтіп өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға дейін ұлғайту қарасытырылған. Жиын барысында лауазымды тұлға  зейнетақы туралы жаңа заңның өзгешеліктері жайлы бір қатар түсініктеме берді.

«Айтар болсақ, егер азаматтың еңбек өтілі 10 жылдам кем болса ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайыз мөлшерінде зейнетақы алуға құқылы болады. Қазіргі таңда елімізде бұл көрсеткіш 24 450 теңге. Демек 12 802 теңге шамасында аламақ. Егерде 10 жылдан асатын болса мемлекет тарапынан тағы да екі пайыз қосылады. 35 жылдан асып жатса 100 пайыз, яғни 24 450 теңгені толық ала алады» — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде жаңа зейнетақы мен жәрдемақының көлемі белгілі болды

Ұлттық экономика министрі азық-түліктің қымбаттауына халықтың өзін кінәлады

Маңғыстау облысының шұбатынан кәмпит пен балмұздақ жасалады

Талқылау