Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы жігіт айфонын жоғалтып алған соң өзіне қол салды

Англияда студент Арчи Дэйдің денесі университет жатақханасынан табылды. Жігіт айфон телефонын кешкі жиында жоғалтып алады. Достарының айтуынша, Арчидің көңіл-күйі қатты түсіп кеткен.

Оқиғадан соң студент қатты жылаған. Келесі күні мәйіті студенттер жатақханасында табылды. Ол журналист мамандығын оқыған. Жігіттің өзіне қол салғаны белгілі болды.

Арчи бұл кездері күйзелісті бастан кешкен. Алайда оның жақындары өзіне қол салуға оқталмағанын айтады. Оның көңіл-күйі де жақсы, өзін белсенді ұстап жүрген.

Достары көп еді. Студент сабақ оқығанды жақсы көрген. Жақындары жігіттің мас күйде болғандықтан өзінің не істеп жатқанын білмеген деп есептейді. Ол жиынды көп алкоголь ішкен.

Жігіт инстаграм парақшасында ерекше жазба қалдырған. Достары оның күйзеліс туралы ән айтқан музыканттарды тыңдап отырғанын айтты. Өмірде белсенді жүргендіктен достары оның күйзелісті бастан кешіп жүргенін білмепті.

“Оның көңіл-күйі жоқ екенін білдім. Бірақ соңы осыла аяқталатынын білмейдім”, – дейді досы.

Жігіт желіге “Бұл кезде өлі болуы керек еді” деп жазған.

Студенттің жоғалған телефон сол күйі табылған жоқ. Полицейлер оны тонап кеткенін айтты. Офицерлер бейнебақылау камерасынан жігітті тонап кеткен сәтін таба алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау