Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1-орында: Димаш The World's Best шоуының финал алдындағы қатысушылардың таңғаларлық нәтижелерін жариялады

Керемет талантымен The World's Best байқауының әділқазылар алқасын аузына қаратқан қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген байқаудың соңғы кезеңінің алдында қатысушылардың ішінде ең жоғары көрсеткіш көрсеткен көшбасшылардың кестесін жариялады, деп жазады Stan.kz.

1-орында: Димаш The World's Best шоуының финал алдындағы қатысушылардың таңғаларлық нәтижелерін жариялады

Димаш ең үздік байқау қатысушыларының жетістігін өзінің Instagram парақшасында жариялады. Үнемі жанкүйерлерімен өміріндегі маңызды оқиғалар мен жетістіктерін бөлісіп отыратын әнші бұл жолы жанкүйерлерін қатты қуантты.

«The World's Best байқауының финал алдындағы нәтижелері. Біз бірінші орында тұрмыз. Мен барлық әнім мен жеңісімді өзімнің қымбатты көрермендеріме және менің туған қазақ халқыма арнаймын», - деп жазды Димаш. 

1-орында: Димаш The World's Best шоуының финал алдындағы қатысушылардың таңғаларлық нәтижелерін жариялады

Өз кезегінде, әншінің жанкүйерлері де таңғаларлық нәтиже көрсеткен Димашты құттықтап, оның жеңісіне сенім білдіретіндерін жеткізді.

Ал бұл байқауда Қазақстанның атынан шыққан екінші талант иесі Данелия Тулешова да финал алдында жеңіске жету мүмкіндігіне ие болды. Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұсынылған кестеде Данелия бесінші орында тұр. Бұл, әрине өте жақсы көрсеткіш.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау