Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы қыз жүкті екенін босанған кезде ғана білді

Американың Шривпорт қаласында әйел адам дәрігерге  бүйрегі ауырғанын айтып шағымданады. Алайда сол күні бала босанып қалған.

19 жастағы қыз жүкті екенін босанған кезде ғана білді

Грейс Маун мен 20 жастағы жолдасы Брайсон достарымен кешкі ас ішіп отырады. Осы кезде әйел ішінің ауырғанын айтып, ауруханаға жол тартады. 

Күйеуі әйелінің бүйрегінде тас бар шығар деп ойлаған. Бірақ сәлден соң әйелінен су кетіп, қыз баланы өмірге әкеледі. 

Грейс осыған дейін бала көтергенге қарсы дәрі ішкенін, сондықтан бала көтеру ойында болмағанын айтады. Жүктіліктің де еш белгісі байқалмапты. 

"Таңертең өзімді әлсіз сезінген жоқпын. Жүрегім айнып, құсқан жоқпын. Көп тамаққа жиіркене қараған емеспін", - дейді ол.

19 жастағы келіншек аздап салмақ қосқанын байқағанымен, жүктіліктің себебі екенін білмеген. 

Жас ата-ана үшін аяқ астынан балалы болғаны күтпеген жайт болды. Енді олар ақша жинап жатыр. 

STAN.KZ
Жұма, 12 Сәуір, 2019 14:14
Талқылау