17 жыл бала сүюді армандаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді (фото)
АҚШ-та 17 жыл бойы бала сүймеген әйел бірден алты баланы дүниеге әкелді. Аджибола мен Адебойя Тайво 11 мамыр күні алты баланың ата-анасы атанды.

Әйелге кесір тілігі жасалды. Нәрестелерідң денсаулығы жақсы. Олар қазір анасымен бірге дәрігерлердің қарауында. Ең үлкені 1 келіден аса, кішісі 500 грамм ғана болып туды.
«Ең кенже балам кейін маған «мен сондай кішкентай болып туып едім, енді қандай үлкен болып өскенімді қара» десе екен деп үміттенем», – дейді анасы.

Алты бала туу жиі кездесе бермейді. Мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та 2015 жылы 4 млн бала өмірге келіп, оның 24 ғана төртемнен көп болып туған.

"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды