Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы бойжеткен «Астана аруы – 2018» атанды

17 жастағы Еркеназ Сейфулла елорданың ең сұлу аруы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

17 жастағы бойжеткен «Астана аруы - 2018» атанды

Еркеназ Сейфулла Қазақ технолония және бизнес университетінде «Дизайн» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ендігі ол «Қазақстан аруы» байқауында елорданы таныстыратын болады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ya erkesha , misserkesha (@erkeshonna)

Байқауда «Наз» мемлекеттік би театрының артисі 22 жастағы Александра Беглова бірінші вице-мисс атанды.

Екінші вице-мисс атағы ҚазМЗУ-дің студенті 21 жастағы Сәния Мерғалиеваға бұйырды.

Сонымен қатар аталған оқу орнының тағы бір 22 жастағы студенті Диана Ыдырысова үшінші вице-мисс атағына ие болды.

Жалпы, биылғы жылы елорданың ең сұлу аруы атағына 20 бойжеткен таласты. Олар 2 апта бойы ақтық кезеңге дайыдалған. Қатысушылар спорттық, әлеуметтік және қайырымдылық шараларға қатысты.

Бойжеткендердің өнерін президенттің  «Алтын Сапа» сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзада, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев , музыкант Ерлан Көкеев және т.б. бағалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау