Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жасында денесіне тату салдырған қыз: Ата-анамнан рұқсат сұрамадым

7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында “Тәнге сурет салу сән бе?” тақырыбы талқыланды. Бағдарлама барысында денесіне сурет салған, сондай-ақ тату шебері Сара Гантьер есімді қонақ келді. Ол татуды 16 жасында алғаш рет салдырған. Ол бұл саланы өнер санайды және адамдардың оған түсіністікпен қарауды сұрайды.

16 жасында денесіне тату салдырған қыз: Ата-анамнан рұқсат сұрамадым

“16 жасымда алғаш рет қолыма тату жасағанмын. Әке-шешемнен рұқсат сұраған жоқпын. Олардың қарсы болатынын білдім. Бірақ қатты тату жасағым келді”, – дейді бойжеткен.

Бұл реттте психолог адамдардың денесіне сурет салуын ғылыми тілде түсіндірді.

“Негізі бірнеше себептерді қарастыруға болады. Бірі – өз-өзіңе деген сенімді арттыру, ерекшелену, жұрттың назарын аудару. Немесе әлеуметтік топқа өзін жатқызу. Мысалы, Олимпиада чемпионының суретін салады. Жастық шағында біреуге ғашық болады, өмір бойы ұмытпау үшін сол нәрсені денесіне салады”, – дейді психолог Гүлнұр Асанова.

Мұхтарима Төлегенова болса студияда отырған қыздардың денесіне сурет салып халық алдына шығуы масқаралықпен тең екендігін айтты.

“Бұл жылайтын нәрсе. Қазақта қызға қырық үйден тыю, дейді. Қыз бала ертең болашақ ана. Ертең ол тұрмысқа шықса, жолдасы қалай қасына жатып, қалай ас ішеді? Денесінің бәрі шимай-шатпақ болса”, – деп ашынды көрермен.

Әнші Ринат Малцагов та өзінің “Super star kz” байқауы барысында тату салдырту жайлы ұсыныс түскенін жасырмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау