16 аспапты меңгерген жігіт әлі де бұл тізімді толықтырмақ ниетте

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 12:22

Есімде, кезінде атам жетектеп мені домбыра үйірмесіне апарған еді. Бала кезде 1-2 күй меңгерген cоң, кейін жалқаулығым ұстап қос ішекке саусағымды тіпті тигізбей кеттім. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз бір емес 16 аспапты жетік меңгерген мульти-аспапшы. Таңқалмасқа шара жоқ.

Сурет: Серік Нұрмолдаевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.

Серік Нұрмолдаев домбыраны екі жасында қолына алып, кейін музыкалық мектеп қабырғасында фортепиано және сыбызғыны үйреніпті. Ал, бүгінде бұл тізім 16-ға жетіп жығылған. Әмбебап өнерпаз өзі меңгерген әр аспапты кез-келген уақытта саусақпен санап беруге дайын.

“Домбыра бар, шіңкілдек бар, шертер деген аспап бар, үш ішекті домбыра”, – дейді музыкант.

Сонымен қатар, бұл тізім сазсырнай, жетіген, шаңқобыз, және сыбызғы сынды тағы басқа бірнеше аспаптармен толығады. “Ол енді тоқтаусыз жүретін дүние. Қалай аспап қолымызға түседі, солай бірден меңгеруге  тырысамыз”, – дейді ол.

Әрдайым ізденісте жүретін өнерлі жігіт, бүгінде ұстаздық қызмет те атқарып, шәкірттер тәрбиелеуде. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын насихаттауда аянбай тер төккен Серіктің талантты жастарға берер кеңесі бар.

“Ешқашанда қызығушылықты жоғалтпау керек аспапқа деген. Домбыраның өзін мен қазіргі таңда 28 жыл оқып келе жатырмын. Сыбызғы аспабын 15 жылдан асты. Әлі де оқып келе жатырмын. Демек бұл тоқтаусыз процес”, – дейді музыкант Серік Нұрмолдаев.


Жіберіп алмаңыз:

Әжелердің сандығындағы көйлектер биылғы күзде сәнде болмақ

Актриса Мариям Думан үшінші перзентін өмірге әкелді

Жұртты шулатқан МС Сайлаубек қазір қайда жүр

Төреғали: “Қазақ қызға үйленем” әнін енді қай бетіммен орындаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар