15 жастағы қазақ қызы өзінен алты жас үлкен жігіттен жүкті болып қалған

Астана мектептерінің бірінде оқитын 15 жастағы қыз өзінен алты жас үлкен азаматпен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда жүкті боламын деп ойламаған. Етеккірі бір аптаға кешіккен соң, тест жасатып, өзінің аяғы ауыр екенін білген. Есімін жасырып қалуды өтінген ол “Үшбу хат” парақшасына хат жазған.

15 жастағы қазақ қызы өзінен алты жас үлкен жігіттен жүкті болып қалған

Артынша 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасымен байланысқа шығып, хикаясын баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Сәлеметсіздер ме. Менің жасым 15-те, 2-3 күн бұрын тест жасадым, жүкті екенім белгілі болды. Не істесем болады? Жігіттің жасы 21-де, колледжде оқиды” – деген оқушы бұл туралы ешкімге жақ ашпағанын айтады.

Айтуынша, отбасында жыныстық қатынас туралы мүлдем сөз қозғалмайды. Сондықтан да ол бұл жайтты анасына айтуға қорқады екен. Ал жігітті хабардар етпеуінің өзіндік себебі мынадай:

“Жауапкершілігі жоқ деп ойлаймын, тастап кетеді деп қорқамын. Маған жігітім бәрі жақсы болады, ештеңеден қорықпа деді. Мен оған сендім”, – дейді қыз.

Бұл орайда астаналық гинеколог пен психолог оқушы қызға көмектесуге уәде беріп, оны анонимді түрде қабылдауға шақырды.

Тағы оқыңыз: 

Шымкентте жартылай жалаңаш бойжеткен көшенің дәл ортасында би биледі: Оны психиатриялық ауруханаға алып кетті (видео)

Ұятсыз нөмірлер: Қазақстанда гей, жын, ұры, жұт деп жазып алған автокөлік нөмірлеріне тыйым салынды

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйел жұмбақ жағдайда көз жұмған

Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел бес баласымен және күйеуімен бірге Сирияға жер аударылуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар