Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

15 жасар қазақ қызы Дина Қожасаева «Мәскеу аруы -2018» талант және сұлулық фестивалінің финалисі атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

Сұлулық байқауының финалына өткен қазақ қызының суреттері «Мәскеу аруы -2018» фестифалінің Instagram парақшасында жарияланды.

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

Дина туылғаннан бері Мәскеуде тұрады және модель болуды армандайды. Оның үстіне қазақ қызының сыртқы келбеті мен бойы да оған үздік модель болуға мүмкіндік береді.

 

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

Қыздың анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, олар Қазақстанның тумасы. Бірақ көп жыл бұрын Мәскеуге көшіп келген. Олар қарапайы өмір салтын ұстанған отбасы. Балалар мектепке барып  және Алматы мен Шу қалаларындағы туыстарына үнемі барып тұратын дейді Динаның анасы. Ал Мәскеудегі қазақ қызының сұлулық байқауына қатысуы кенеттен болған жағдай көрінеді.

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

«Менің жақын құрбым Мәскеудің вице-мисі. Ол Динаны көргенде оған байғауға қатысуға өтініш жіберуге кеңес берді. Содан құрбымның айтуы бойынша біз өтініш жібердік, содан олар бізді байқауға шақырды. Дина ұйымдастыру комитетіне ұнап және финалға шықты. Кастинг кезінде оны Дубайдағы журналдың редакторы байқап, бізді түсірілімге шақырды », – деді Динаның анасы Линда Қожасаева.

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

Қазір Дина № 1240 Романовский мектебінде 9 сыныпта оқиды. Өнерлі қызымыз сондай-ақ, музыка мектебінде барып, ән айтуды үйренуде. Бұған қоса ол гимнастикамен айналысады екен.

15 жасар қазақ қызы «Мәскеу аруы-2018» байқауының финалына шықты

Айта кетейік, конкурстың финалы 28 қарашада өтеді. Ал «Мәскеу ауры » байқауының жеңімпазы «Ресей-2019 сұлулығы» ұлттық фестиваліне қатысады.

Талқылау