140 жолаушысы бар ұшақ ұшқыштары ұшу кезінде ұйықтап қалған

Сенбі, 21 Мамыр , 2016 12:00

140 адамды тасымалдаушы әуе кемесінің ұшқыштары ұшу барысында ұйықтап жатқан.

07.03

Сурет 1tvnet.ru

Франциядан Кувейтке бет алған Boeing 737 жолаушылар ұшағының экипажы рейс жасау кезінде Италия мен Грекияның диспетчерлеріне жауап бермей қояды. Осыдан кейін лаңкестік жасалған болуы мүмкін деген күдікпен Крит аралынан дабылды ескерту бойынша екі F-16 жойғыш ұшағы көтеріледі.

Ұшақ жолаушылары ілесіп келе жатқан қос жойғыш ұшақты аңғарып, экипаж мүшелеріне хабарлайды. Олар мән-жайды анықтау үшін ұшқыштар отырған кабинаға кірсе, олар әуе кемесін автоұшқыш режиміне қойып, штурвал алдында ұйықтап жатқан.

Осыған ұқсас оқиға 2011 жылы скандинавиялық SAS әуе компаниясының тәжірибесінде болды. Онда кемені жалғыз басқарған ұшқыш Копенгагеннен Стокгольмге бағытталған рейсті орындау кезінде ұйықтап қалған. Азамат ұшу алдында ұйқысын қандырып үлгермегенін, ал бұл тәулік ішіндегі төртінші рейс екенін айтып ақталыпты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар