Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

140 балл: Алматылық түлек ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетті

Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-да 140 балл жинап, Республика бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарттық агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми парақшасына сілтеп.

140 балл: Алматылық түлек ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетті

Көптен күткен 140 балды жинаған Шиара Əбдірахымқызы Құдайбергенова Алматы қаласындағы 123 мектеп-гимназиясында білім алған. Республика бойынша ең жоғары балды жинаған талапкер тестілеуді Ұлттық аграрлық университет базасында кеше, 25 маусымда тапсырған.

140 балл: Алматылық түлек ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетті

“Шиараны және оның ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз. Сондай-ақ, алда ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тілейміз”,- делінген хабарламада.

140 балл: Алматылық түлек ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетті

Өз кезегінде, желі қолданушылар да көптен күткен балды жинап, елімізді мақтанышына айналған түлекке ыстық ықыластарын жаудырып, алғашқы жеңісімен құттықтады.

“Жарайсың Шиара! Мектебіміздің абыройын жəне Ұстаздардың еңбегін ақтадың! Құтты болсын Шиара ұстаздар мен ата анасына мың алғыс! Жарайсың, Шиара! Тек қана алға! Жарайсың, айналайын талабыңа нұр жаусын. Жолын әрдайым ашық болсын. Жаныңда жақсы адамдар көп болсын. Құтты болсын, Шиара қызым!Бəріміздің ұл-қызымызға Алла сенің жолыңды берсін! Құтты болсын! Жарайсың !Сен сияқты қазақ елінде ұл-қыздарымыз көп бола берсін. Алла тіл-көзден сақтасын сені”,- деген тілектер жазылған.

140 балл: Алматылық түлек ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетті

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау