Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне қайтып келді. Ол 3 күннен кейін өліп қалды

Англияның Сайренсестер қаласында тұратын отбасында қызықты әрі мұңды жағдай орын алды. 2001 жылы Эбигейл Смиттің отбасы 4 апталық марғауды асырап алған. Содан бері Уиллоу атты мысыққа иесі күтім көрсетіп, қатты жақсы көрген. Алайда 4 жылдан кейін мысық ұшты-күйлі жоғалып кетіпті.

13 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне қайтып келді. Ол 3 күннен кейін өліп қалды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

13 жылдан кейін Эбигейл «Фейсбук» желісінен мысық туралы хабарламадан өз мысығын көріп қалған. Желі қолданушыларының бірінің жазбасында мысықтың өзенге түсіп кеткені жазылған.

«Біз бұған сене алмадық. Ол жоғалып кеткенде жүрегім қатты ауырған еді. «Фейсбуктегі» жазбаны көргенде, скриншот жасап, суретті анама жібердім. Оған суреттегі мысықтық жоғалып кеткен мысығыма қатты ұқсайтынын айттым. Мен есімнен адасқан екенмін деп ойладым», – дейді Эбигейл Смит.

Артынша мал дәрігері табылған мысықтың шынымен де жоғалып кеткен Уиллоу екенін растаған.

13 жыл бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне қайтып келді. Ол 3 күннен кейін өліп қалды

Қатты қуанған Смит мысығын үйіне алып келіпті. Оның ұлдары да мысықты бірден жақсы көріп кеткен. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Себебі үш күннен кейін 17 жастағы мысық өліп қалған.

«Мен онымен қоштаса алғаным үшін ризамын. Ең болмаса, ол өмірінің соңғы күндерінде өзін жақсы көретінін сезіне алды», – дейді Эбигейл Смит.


Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет

Талқылау