Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жастағы қазақ қызы Италияны бағындырды (видео)

Қазақстандық жас әнші Аружан Ардақ Италияның «Premio Mia Martini» атты белді вокалдық сыйлығымен марапатталды.

Италияда «Premio Mia Martini» байқауы өтті. Бұл байқау 1995 жылдан бері әйгілі әнші Миа Мартинидің құрметіне қойылады. Қазақстандық Аружан Ардақ кастинг, жартылай финал, радиофинал және гранд-финал іріктеулерінен өтіп, ТМД елдері арасындағы жалғыз қатысушы болды.

“Мен үшін беделді байқауда жеңімпаз болған ұлкен абырой. Осы байқаудың көмегімен жаңа нәрселер үйрендім. Достар таптым. Мен үшін дауыс берген, осы уақытқа дейін қолдап келген жандарға алғысымды айтам”, – дейді әнші қыз.

Ол байқауда Рианнаның «Love on the brain» әнін шырқады. Ән италия тіліне жартылай аударылған. Қазақ қызының Италияда жанкүйерлері пайда болып, дауыс бере бастады. Әнші қыз ерекші сәнді көйлегімен де көзге түсті. Қала мэрі Марио Ромео Аружанға сыйлықты өзі табыстады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау