12 жасында студент атанған вундеркинд Абзал Мырзаш АҚШ-қа кеткісі келеді

12 жасында студент атанған Абзал Мырзаштың 15 жасында бакалавр, 17 жасында магистр, ал 18-інде PhD дәрежесін алуға барлық мүмкіндігі бар. Бүгінде Абзал – 13 жаста. Алайда ол өзін бала сезінбейді, керісінше өзгелерден бір қадам алда болуы керектігін айтады.

12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш ЖОО-ны мерзімінен бұрын тәмамдауды жоспарлап отыр

Бұл туралы Kazakh TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде ҚБТУ-да оқып жатқан Абзал 1 жарым жасында  сөйлеп, 2 жасында әріп танып, 3 жасында оқу-жаздуды үйренгенін айтты.

«Кейін 5 жасымда түрл әлем, жаратылыс туралы сұрақтарым көбейе бастап, ата-анамнан сұрай бердім. Сонда әкем: «Бізден сұрай бермей, кітаптан оқысаң қайтеді? Әйтпесе біз саған дұрыс түсіндіре алмауымыз мүмкін», – деді. Сөйтіп маған түрлі кітаптар мен энциклопедияларды сатып алып берді», – дейді Абзал.

Дарынды бала 5 жасында орыс мектебінің табалдырығынан аттаған. Ол екі сыныпты орысша оқығанымен, әрі қарай оқуын қазақ сыныбында жалғастырыпты.

«Мен 4-сыныпта ата-анама оқудың қызық емес екенін  айттым. Сонда олар мені 5-сыныпқа көшіру туралы өтініш жазды. Мен сынақтан өтіп, 5-сыныпқа көштім де, оқу жылының жартысында 6-сынып бағдарламасын оқи бастадым. Осылайша, сыныптан-сыныпқа көшіп, мектепті ерте бітірдім», – дейді Мырзаш.

Иә, осылайша, Абзал небәрі 12 жасында мектеп бітіріп, еліміздегі беделді оқу орындарының біріне мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен. Абзалдың сөзінше, өзінен біршама жас үлкен студенттермен араласып кету қиынға соғыпты. Алайда 2-3 аптада тез тіл табысып кеттім, дейді ол.

Ал бүгінде ІТ саласында оқып жатқан Мырзаш бала кезінде дәрігер болғысы келгенін жасырмады. Алайда әкесінің кеңесі таңдауын түбегейлі өзгертіпті.

«Алғашқыда мен әкем сияқты кардиохирург дәрігер болғым келді. Алайда әкем маған: «Ата-анаңның мамандығына біздің көңіліміз үшін қызықпа, өзің қалаған жолды таңда», – деді. Осы сөзінен кейін дәрігер боламын деген ойымды өзгерттім», – дейді Абзал.

Өз сөзінде Абзал Мырзаш ақпараттық технологиялар заманында елі үшін көп еңбек сіңіргісі келетінін жеткізді. Алайда бүгінде барлығы автоматтандырылып жатқанымен, кей салада роботтар өз міндетін дұрыс атқара алмауы мүмкін екенін атап өтті.

«ХХІ ғасырды ақпараттық технологиялар заманы деп бекер айтпайды. Оларды жастар дамытуы тиіс. Ақпараттық технологиялардың арқасында бәрі автоматтандырылып, көптеген жұмыс пен қызметті роботтар атқаратын заман алыс емес. Дегенмен адамдардың жұмыс істеуіне орын қалады деп ойлаймын. Роботтар дәрігерлердің, мұғалімдердің жұмысын дұрыс жасай алмауы мүмкін. Мұндай қызметтерді атқаратын роботтарды жасау үшін осы саладағы жақсы маман және ақпараттық технологияларды танитын адам қажет», – дейді ол.

Абзал Мырзаш өзін үлкен ғалымдармен салыстырмайды. Алайда болашақта өз саласында үлкен жаңалық ашсам деген арманы барын жасырмады.

Бүгінде ҚБТУ-да 2-3 жылды бітірсем деп жоспарлап отырған Абзал білімін Массачусетс технология институтында жалғастырғысы келеді. Ол аталған танымал оқу орнының «Ақпараттық жүйелер және нанотехнология» факультетінде оқуды жоспарлап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар