Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы бала университетке түсті

Мексиканың Ұлттық автономдық университеті бірінші курсқа 12 жастағы баланы қабылдады. Бұл туралы Stuff жазады.

12 жастағы бала университетке түсті

Карлос Сантамариа Диас «биомедициналық физика» мамандығы бойынша бакалаврда оқиды. Ұл бала қабылдау кезеңіндегі емтиханнан өтіп, ендігі университет тұсындағы генетика зерттреу орталығында химия пәнінен дайындық жұмыстарын жасап үлгерді.

Карлос мектепке алғаш бара салған кезінен өз бетінше физика мен математиканы оқи бастаған. Тоғыз жасынан бастап химия, биохимия, билогоия пәндері бойынша университеттік бағдарламаларға қатысқан.

12 жастағы бала университетке түсті

Баланың айтуынша, оның мақсаты – сирек кездесетін ауруларға дәрі ойлап табу. Журналистердің «өзіңді данышпан санайсың ба?» деген сұрақтарына «ол сөзді ұнатпайтынын» жеткізген.

Өз кезегінде университет 12 жастағы студентке ерекше көңіл бөлінбейді және басқаларымен қатар жүреді деген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау