12 жасар қалыңдықтың жан түршігерлік той серуені

Жұма, 19 Ақпан , 2016 12:03

Ливандағы  12 жасар қызға үйленген үлкен кісінің «тойы» желідегі көптеген азаматты таң қалдырып, тіпті ашуын келтірген. Жұртты шулатқан видео аз ғана уақыттың ішінде 2 миллион рет қаралған.

328759

Видеода 12 жастағы қыз және оның  жасы келіп қалған, таз күйеуі  той киімінде серуендеп, естелік суреттеріне түсіп жүреді. Жол бойында оларды кездестірген адамдар арасында күйеу жігітке келіп, ұрысып кеткендері де болағн.

Той серуенінде жүрген жұп өзгелердің сөзі мен  өздеріне көңіл аудармауға тырысады. Сол аралықта  қалада серуендеп жүрген азаматтың бірі күйеу жігітті «Қылмыскер» деп атайды.

«Бұл сенің ісің емес. Қыздың ата-анасы қарсы емес»,-деп жауап қайтарады күйеу жігіт оған өз кезегінде.

«Мен серуендеп жүрген кезде бұл қызды көзім шалып қалдым. Содан бірден тоқтай қалдым»,-дейді қала тұрғыны.

Кей тұрғындар той иелеріне бақыт тілеп, құттықтап та жатты.

Кейіннен бұл видеоролик «Кафа» қоғамдық ұйымының тапсырмасымен түсіріліп жатқаны белгілі болған. Олар кәмелетке толмаған қыздардың тұрмысқа шығуына қарсылар. Басылым Ливандағы қыздардың 6 пайызы кәмелет жасқа толмай тұрмысқа шығып кететінін айтып, осы мәселені көтеруді көздеген.

« Біз бұл видеоны халықтың назарын мәселеге аудару мақсатында түсірдік. Бұл жайт халықты шошытуы керек еді. Кәмелет жасына жетпей тұрмысқа шығуға асығатын қыздардың жағдайының өзі адамды шошытады»,-деп түсіндіреді құқық қорғаушы.

Видео материалды тамашалаған халықтың көпшілігі ызалы, ашулы пікірлерін қалдырған.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар