12 жасар бала марқұм досының бейітіне құлпытас орнату үшін жұмыс істеп жүр

12 жасар Калеб Клакулак өткен көктемде ең жақсы досынан айырылып қалған. Ол ұзақ уақыт бойы аққан дертімен күрескен екен.

12 жасар бала марқұм досының бейітіне құлпытас орнату үшін жұмыс істеп жүр

Бұл туралы ladbible.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

7-сынып оқушысы Калеб пен 12 жасар Кеннет Гросс екінші сыныптан бері айырылмас дос болған. Кеннет 13 айлығынан бері аққан дертімен ауырып, ұзақ уақыт бойы ем қабылдаған. Ал Калеб ауруханада жатқан досына жиі барып, көңілін аулапты. Алайда Кеннеттің ағзасы шыдамай, ол жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

Баласын күту үшін жұмысын тастап кетуге мәжбүр болған анасыны кедейленгені сонша, ұлының бейітіне құлпытас орната алмаған. Сол кезде кішкентай Калеб көмекке келіпті. Ол 12 жаста ғана екеніне қарамастан, жұмыс істеуге бел буады. Бала өзгелердің тапсырмасын орындап, бөтелке жинап, қажет соманы жинамақ болады.

12 жасар бала марқұм досының бейітіне құлпытас орнату үшін жұмыс істеп жүр

«Мен Сан ханымды (ред. Кеннеттің анасы) жақсы көремін. Ол ұлының бейітіне құлпытас қоя алмағанда, қатты мұңайдым. Адамдар Кеннетке келгенде, оның бейітін таба алмай қалғанын қаламадым», – дейді Калеб.

Сонымен қатар оқушы мейірімді адамдар ақша аудару үшін шот ашқан. Бүгінде ол 2,5 мың доллар жинап үлгерген. Қалған ақша Кеннеттің отбасының қажеттілігіне жұмсалады. Калебтің анасының сөзінше, ол өзінің досын қатты жақсы көріпті. Сондықтан ұлым басқаша жасай алмады, дейді анасы.

«Ол Кеннетті шынымен де жақсы көрді. Оның өмірде әлі көп досы болады. Бірақ ол үшін Кеннеттің орны бөлек. Екеуі қатты ұқсайтын еді. Бауырлар сияқты», – дейді Калебтің анасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр