12 елордалық спортшы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама алды

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 19:10

Биыл Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға Астана қаласынан 12 спортшы қатысатын болды.

photo_63409

Сурет vesti.kz

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Алдағы уақытта оларға теннисшілер, жүзгіштер мен әйелдер арасындағы күрестен спортшылар қосылып, бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Қазіргі кезде бокстан Қазақстан чемпионы Василий Левит пен Әлем чемпионы Данияр Елеусінов, жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының жүлдегері Флорида Менянова, қазіргі заманғы бессайыстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Елена Потапенко, байдаркамен және каноэмен есуден Азия ойындарының чемпионы Инна Клинова және байдаркамен және каноэмен есуден Азия чемпиондары Зоя Ананченко мен Олег Токарницкий, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев, әйелдер арасындағы күрестен әлемдік жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Жұлдыз Ешімова мен әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада-2012 қола жүлдегері Гузель Манюрова, сондай-ақ, үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиада Лицензиясына қол жеткізді.

“Лицензия алғандардың барлығына жаттығу үшін жағдайлар жасалады. Әрқайсысы Спорт федерациясының ұсыныстарына сәйкес жеке бағдарлама бойынша дайындалады. Оларға Астана қаласының әкімдігі Спорт басқармасы, Спорт федерациясы тарапынан қолдау көрсетіледі. Жеңіл атлетика мен үстел теннисі биыл тарихта алғаш рет лицензия иеленіп отыр”, – деді қалалық спорт және дене тәрбиесі басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Еске салайық, осы жылы 5-21 тамызда Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Жарыста 206 мемлекеттің спортшылары күш сынаспақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар