116 шеге жеген ер адам аман қалды
Үндістанның Бунди қаласында дәрігерлер науқастың асқазанынан жүзден аса шеге алып шықты.

43 жастағы науқас Бхола Шанкар іші ауыратынын айтып, ауруханаға жеткізілді. Рентген түсірілімінде оның іші мен асқазанында әртүрлі заттар бары байқалады.
Ер адамды отаға дайындады. Хирургтер асқазанынан 5 сантиметрлік 116 шеге алып шықты. Одан бөлек металл бөлшектер, сымдар алынды. Науқас мұндай заттардың асқазанында қайдан жүргенін түсіндіре алмады.
Қазір жағдайы жақсы. Дәрігерлер темір заттардың науқастың ішкі мүшелерін зақымдамағанын айтады. Зақымдаған жағдайда науқас өліп кетуі мүмкін еді.
Інісі Шанкардың екі жылдан бері психикалық дәрі ішіп жүргенін айтты. Дәрігерлер науқасты шизофрениямен ауырады деп болжады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды